Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Маусым 12, 2025, 6:25 Т.Қ.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп жазды Ақорда.
– Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.