Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады
Кездесуде Президент тапсырмаларын орындау үшін Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалды.
Саясат Нұрбек биыл қыркүйек айынан бастап Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша стипендия мөлшері 20 пайызға, магистратура мен докторантурада 15 пайызға көбейгенін айтты.
ЖОО профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 160 мыңнан 350 мың теңгеге дейін, ал ұлттық университеттерде бұл көрсеткіш 228 мыңнан 400 мың теңгеге дейін өскені жөнінде баяндады.
Студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы үш есе, яғни 2022 жылғы 55 050-ден 2023 жылғы қазанда 17 488-ге дейін азайғаны туралы мәлімет берді.
QS рейтингіне 21 ЖОО, ал Times Higher Education рейтингіне 4 университет кіретіні жайында айтты.
Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес өз жұмысын басталғанын баяндады.