Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді

Қыр. 14, 2023, 4:05 Т.Қ.

Мемлекет басшысы дәстүрлі қонақжайлық көрсеткені және тәжік жерінде зор құрметпен қарсы алғаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа баса мән берілді.

Екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.

Сонымен қатар президенттер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.

Теги: