Мемлекет басшысы Svevind Energy Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кроппты қабылдады
Қар. 7, 2023, 7:40 Т.Қ.
Svevind Energy Group компаниясының басшылығымен кездесу барысында Маңғыстау облысында «жасыл» сутегін өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға дайындық мәселелері талқыланды.
Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельдің былтыр Қазақстанға жасаған сапары барысында қол қойылған Инвестициялық келісім аясында алдын ала жобалау-іздестіру жұмыстары (Pre-FEED) жүргізіле бастағаны жөнінде мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін Hyrasia One жобасын уақытылы жүзеге асырудың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы аталған бастама Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері саласын дамытуда жетекші жобалардың бірі болатынына әрі еліміздің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.