Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ауыл әкімдерін сайлау еліміздің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналғанын айтты

Там. 16, 2023, 1:47 Т.Ж.

Өткен жексенбі күні, яғни 13 тамызда еліміздің 7 облысында 17 ауылдың әкімі сайланған.

«Соңғы екі жылда Президенттің саяси реформалар бағдарламасы аясында ауыл әкімдерін халықтың өзі тікелей сайлайтын болды. Осы уақытқа дейін 1 668 ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімдері сайланды. Үміткерлердің 75 пайызын саяси партиялар ұсынса, қалған 25 пайызы өзін-өзі ұсынушылар. Сондай-ақ сайланған әкімдердің жартысынан астамы (57,4%) бұрын мұндай қызмет атқармаған. Бұл ауыл әкімдерінің корпусы айтарлықтай жаңарды деген сөз. Бұдан бөлек жергілікті әкімдердің құрамы да біршама «жасарды», – деп жазды ол.

Бүгінде сайланған әкімдердің орташа жасы 45 жасты құрайды. Алдағы жексенбіде, 20 тамыз күні 3 облыстағы 21 ауыл әкімінің сайлауы өтеді.

2023 жылдың соңына дейін барлығы 199 елді мекенде жаңадан әкімдер сайланады.

Теги: