Мұнай мен газды тиімсіз пайдаланған компаниялар мемлекетке 14 млрд теңге өтеді

Қыр. 30, 2025, 7:48 Т.Ж.

ҚР Энергетика министрлігі және оның Атырау мен Қызылорда облыстарындағы мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның өңіраралық басқармалары реттелетін саладағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырмақ. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

— Жыл басынан бері көмірсутек саласындағы мемлекеттік бақылау аясында 100 тексеру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде 18 профилактикалық бақылау, 30 жоспардан тыс тексеру, 15 шарттық міндеттемелерді орындау бойынша бақылау және 37 мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы рұқсаттық тексеру бар, — делінген хабарламада.

Нәтижесінде 18 бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді, 80 әкімшілік айыппұл 110 млн теңге сомасында салынды. Сонымен қатар, мұнай мен газды ұтымсыз пайдалану үшін 14 млрд теңгеден астам залал өндірілді. Қазіргі уақытта қосымша 4 млн теңгеге жуық айыппұл мен 2,4 млрд теңге залалды өндіру бойынша материалдар қаралып жатыр.

Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.

Теги: