Мьянма жағалауында тағы да жер сілкінді

Сәуір 3, 2025, 6 Т.Қ.

Жер сілкінісі туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп жазады ТАСС.

Анадолы

Агенттік мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 4,5 миллионға жуық адам тұратын Янгон қаласынан оңтүстікке қарай 142 шақырым жерде жатыр. Жер сілкінісінің ошағы 10 км тереңдікте орналасқан.

Құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Қытай жер сілкінісі ұлттық орталығының (CENC) мәліметінше, 28 наурыз күні сағат 14:20-да Мьянмада (солтүстік ендік 21,85 градус, шығыс бойлық 95,95 градус) магнитудасы 7,9 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 30 шақырым тереңдікте орналасқан.

Теги: