Намаз уақытында ойнап жүрген баланы қағып түсірген мешіт имамы жұмыстан шығарылды

Қыр. 30, 2023, 7:53 Т.Қ.

Оқиға Алматы облысы Шелек ауылындағы «Хидаят» мешітінде болған.

Имам өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады. Екі тарап өзара бітімге келген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл оқиғадан тиісті қорытынды шығарып, өрескел әрекетке жол берген дін қызметкері жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

Теги: