НАТО соғыс аяқталмайынша Украинаны өз қатарына қабылдамайды

Қаз. 4, 2022, 2:01 Т.Ж.

The New York Times газетінің шолушылары Эндрю Крамер мен Дэн Билефскийдің айтуынша, НАТО Ресейдің «арнайы операциясы» аяқталғанға дейін Украинаның Альянсқа кіруіне жол бермейді.

Ал Украина елін қабылдаған жағдайда, Солтүстік Атлантикалық Альянс барлық мүшелердің өзара қорғанысы туралы жарғының бесінші бабын қолдануға мәжбүр болатыны атап өтіледі.

«Одақ ұжымдық қорғаныс принципін ұстанатындықтан, оның соғыс қимылдарына қатысып жатқан елді өз қатарына қабылдауы екіталай», – деді мамандар.

Сарапшылардың пікірінше, Украинаның НАТО-ға жедел кіруі мүмкін болмай отыр, себебі бұл процедура бірнеше жылға созылуы мүмкін деп болжайды.

Сонымен бірге Киев бұл бағытта бірқатар талаптарды орындауы керек, атап айтқанда демократияға, жеке бас бостандығына және заң үстемдігін қолдауға деген адалдығын көрсету керек.

Теги: