Натоға қосылғысы келетін елдер қатары артты

Сәуір 11, 2022, 8:12 Т.Қ.

Швеция мен Финляндия НАТО-ға 2022 жылдың жандазы кіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды The Times басылымы. 

Финляндия одаққа кіруге өтінішті маусым айында тапсырмақ. Одан кейін Швеция құжаттарын дайындамақ. 

Басылымға сұхбат берген бір америкалық шенеуніктің айтуынша, бұл Ресейдің стратегиялық қателігінің салдары. Еуропадағы соңғы келіссөздер барысында екі елдің Солтүстікатлантикалық одаққа кіруі талқыланған көрінеді. 

2022 жылдың қаңтарында НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру процесі тез жүзеге асуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Сонымен қатар бас хатшы екі ел де Солтүстікатлантикалық альянстың жақын серіктестері болып табылатынын және оның көптеген параметрлері бойынша, яғни қауіпсіздік және қорғаныс институттарын ұйымдастыру деңгейі бойынша стандарттарға сәйкес келетін атап өтті.

Теги: