Нумеролог: Тоқаев ұзақ ел басқарады, ал Путинді әзірге құдіретті күш қолдап тұр…

Маусым 2, 2022, 6:14 Т.Қ.

Нумеролог Құралай Бақытқызы сандарды сөйлете отырып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұзақ жыл ел басқаратынын, Ресей Президенті Владимир Путинді әзірге құдіретті күштердің қолдап тұрғанын, ал Украина Президенті Владимир Зеленскийдің келесі жылы биліктен кететінін болжады.

Мұның алдында ол Назарбаевтың тағынан таятынын, Елорданың аты ауысатынын алдын-ала болжай білген еді.

– Путин мен Зеленскийдің жеке адам ретіндегі, басшы ретіндегі болашағына қатысты не айтар едіңіз?

– Путинге сәттілік көмектесіп тұр. Осы жыл 2 санымен аяқталады. Путиннің туған жылы да солай. Сондықтан оның жоғарыдағы қолдаушы күштері мықты болып тұр.

Жақын арада Путиннің қызметінен кететіні көрінбейді. Бірақ ақырындап кері кетушілік бар. Осы жылы оған Құдайдан қолдау көрініп тұр. Сәттілік күтіп тұр. Дегенмен, бұл жыл оған тосын жайт пен кикілжіңді көп әкеледі.

Ал, Зеленскийдің сандарына қарасақ, келесі жылы оған жаңа жұмыс бұйыруы мүмкін. Сондықтан «Украинада билік ауыса ма?» деген болжамым бар.

– Тоқаев мыңдық белгісі бар деп қалдыңыз? Мемлекет басшысы туралы сандар не айтады?

– Тоқаев – өте әділетті адам. Стратег. Мұндай адам бес-онжылдығын бұрын ойлайды. Мемлекетіміздің болашағының жақсы болатынына елдің қазіргі басшысы кепіл деп ойлаймын. Оның девизі: «Ақырын жүріп, анық бас».

Мыңдық коды бар адам – мақсатты, амбициясы зор, мәнсабы зақ жылдарға созылатын адамдарға жатады. Өмірінің екінші жартысы жеңілдейді. Тоқаевтың сандары жақсы.

Теги: