Нұрдәулет Жұмағали Паралимпия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қыр. 6, 2024, 5:51 Т.Ж.

Қазақстандық пара жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық спортшы 100 метрге брасс әдісімен (SB13 санаты) жүзуде 1:04:83 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды.

Жүзудің бұл түрінен аталмыш қашықтықта Нұрдәулет әлем және паралимпиада рекордшысы, германиялық спортшы Талисо Энгельді (1:01.90) ғана алға жіберді.

Қола жүлде әзербайжандық Вели Исрафиловқа (1:05.35) бұйырды.

Жарыс барысында Н.Жұмағали Азия рекордын жаңартты. Бұған дейін Нұрдәулет Токио Паралимпиадасында қола жүлде алған еді.

Осылайша, Париж Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті.

Теги: