Нұрсұлтан Назарбаев іздестірілуде

Там. 2, 2022, 12:42 Т.Қ.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев іздестірілуде.

Еліміздің «авторлар қоғамы» Елбасын тапса, композициясы үшін қаламақы төлеуге ниетті. Бірақ бірлестік Назарбаевқа қай әні үшін гонарар беретінін нақтылап жазбапты.

Іздеу жарияланған тізімде Димаш Құдайберген, Жанар Дұғалова, Сейфулин Жолбарыс, Ақтоты Райымқұлова, Жүрсін Ерман, Қалқаман Сарин және Олжас Сүлейменов сияқты танымал азаматтарды көруге болады.

Сала сарапшылары, «авторларға осылай іздеу жариялау ақылға қонымсыз», деп есептейді.

Теги: