Олжас Бектенов: 2026 жылы егіс алқаптарына кем дегенде 2,3 миллион тонна минералды тыңайтқыш себуіміз керек

Қар. 4, 2025, 11:44 Т.Қ.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында келесі жылғы егіс науқанына дайындықты күшейтуді тапсырды.

Үкімет

- Келесі егін егу науқанына дайындықты қазірден бастау керек. Облыс әкімдіктері 2026-шы жылы кемінде 2,3 миллион тонна минералды тыңайтқыш себуді қамтамасыз етулері қажет.

Өнеркәсіп министрлігі егіншілерге қажетті тыңайтқыш көлемін отандық өнім өндірушілермен алдын ала пысықтап алғаны жөн.

Әкімдіктер тыңайтқыштарды жеткізу үшін уақтылы шартқа отырып, қоймаларда олардың жеткілікті қорын қамтамасыз етсін, - деді ол.

Олжас Бектенов «Бәйтерек» холдингі көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыруды бастап кеткенін еске слады.

- Осыған байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді барынша қамту үшін қаржыландырудың қолда бар құралдарын тиімді және ашық пайдалануды қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді Үкімет басшысы.

Теги: