Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу процесі толық автоматтандырылды

Қар. 21, 2025, 12:56 Т.Ж.

Ақпараттар жүйесін интеграциялау арқылы кәсіпорындарда болған төтенше жағдайларды тергеу барысы толық автоматтандырылды.

gov.kz

- «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде еңбек инспекторларының жеке кабинеті бар. Ол жерде еңбек қатынасына қатысты тексерулерді тіркеу және олардың нәтижесін ресімдеу және нұсқама беру жүзеге асырылады. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу процесі толық автоматтандырылған. HR Enbek порталының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» автоматтандырылған ақпарат жүйесімен интеграцияланды. Бұл жұмыс берушілерге жазатайым оқиғалар туралы мәліметтерді, хабарламаларды, комиссия құрамы мен Н-1 актісін жолдауға мүмкіндік береді, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, аталған жаңашылдық ақпараттарды өңдеу мерзімін қысқарып, деректердің дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.

- Бүгінде еліміздегі 13,7 мың ірі және орта кәсіпорынның ұжымдық шарттары цифрландырылған. Еңбек инспекторларының жедел есеп беру міндеті 15-тен 5-ке дейін қысқартылып, олар автоматтандырылды, - дейді министрлік өкілі.

Теги: