«Оппенгеймер» «Үздік драмалық фильм номинациясында «Алтын глобус» иеленді

Қаң. 8, 2024, 2:23 Т.Қ.

Кристофер Ноланның «Оппенгеймер» биографиялық драмасы (Oppenheimer, 2023) үздік драмалық фильм ретінде «Алтын глобус» кинопремиясын алды. 

Атом бомбасын жасаған Роберт Оппенгеймер туралы картина Жюстин Триенің «Анатомия падения» (Anatomy of a Fall), Мартин Скорсезенің «Убийцы цветочной луны» (Killers of the Flower Moon), Брэдли Купердің «Маэстро» (Maestro), Селин Сонның «Прошлые жизни» (Past Lives), Джонатан Глейзердің «Зона интересов» (The Zone of interest) киноленталарымен жүлдеге таласты.

Голливуд жанында тіркелген шетелдік журналистер қауымдастығы жыл сайын тағайындайтын «Алтын глобус» сыйлығы АҚШ-та беделі жағынан тек «Оскарға» жол береді. Марапат өткен жыл қорытындысы бойынша кинематография мен телевидениедегі жиырмадан астам категория бойынша табысталады. 81-ші марапаттау рәсімі 7 қаңтарда өтті.

Теги: