Оразбек Асылқұлов алғаш рет Азия чемпионы атанды

Сәуір 10, 2026, 5:56 Т.Қ.

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі) сынға түсті.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз финалда үндістандық Сачин Сачинпен қолғап түйістірді. Оразбек алғашқы минуттан қарсыласына қысым жасап, соңғы раундта жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 3:2.

Бұған дейін қазақстандық боксшы іріктеу кезеңінде филиппиндік Пол Джулифер Басконды жеңісе, ширек финалда жапониялық Шунсуке Китамото бас тартуына байланысты жарыстың келесі сатысына өтті. Жартылай финалда ол өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновты қапы қалдырып кетті.

Оразбек Асылқұлов IBA нұсқасы бойынша 2025 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Теги: