Өзбекстанда бетті бүркемелейтін киім киюге және көп әйел алуға тыйым салынды

Қыр. 6, 2023, 2:24 Т.Қ.

Өзбекстанның Олий Мәжілісі елдің Қылмыстық кодексіне және Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгеріс пен толықтыру енгізетін заң жобасын мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, өзбекстандықтар келесі құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатын болады:

— ұлты, нәсілі, этникалық және діни белгілері бойынша азаматтардың үстемдігін немесе толымсыздығын насихаттау;

— заң тәртібімен тіркелмеген некені діни рәсіммен қию;

— екі және одан көп әйелмен бірге тұруды насихаттау;

— әйелдер мен ерлердің тең құқығын ашық түрде мойындамау;

— азаматтың бет-бейнесін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орында киіп жүру.

Теги: