Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол

Қар. 4, 2021, 8:28 Т.Қ.

АҚШ көші-қон қызметінің мәліметінше, елде 247 285 қазақстандық бар.Шын мәнінде, бұл шағын қаланың халық саны. Басым көпшілігі жастар мен еңбекке қабілетті, жоғары білімі бар адамдар. Өкінішке орай, қазақстандықтар елден кетуді жалғастыруда. ЕЭК сарапшыларының «ЕАЭО статистикалық жылнамасында» жарияланған деректеріне сәйкес, Қазақстан көші-қонның ең үлкен теріс сальдосына тұр. Бұл – елге келушілерден гөрі кететіндердің көптігін көрсетеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ҚР-ға көші-қон ағыны 2014 жылдан бастап күшейе түскен, сол кезде Ұлттық валютаның кезекті девальвациясы орын алды.  Жалпы елімізде 2014 жылдан бастап эмигранттар саны жыл сайын 8-16%-ға артып келеді.

Егер 2015 жылы елден 30 мың азамат кеткен болса, 2019 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 30%-ға өсіп, 45,2 мың адамды құрады. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанға жоғары немесе арнаулы орта білімі бар адамдар көшіп келеді (15 жастан асқан адамдар саны 70%). 2019 жылы жоғары білімі бар техникалық мамандықты меңгерген 7,1 мың, экономикалық мамандықты меңгерген 3,7 мың, педагогикалық білімі бар 2,3 мың адам елден кеткен. Эмигранттар арасында заңгерлер, медицина қызметкерлері мен сәулетшілер және құрылысшылар да аз емес. Қабылдаушы елдер рейтингінде Ресей көш бастап тұр. Қазақстандықтардың көбісі көрші елге кететін көрінеді (88%).  Германия қабылдаушы елдер арасында екінші орында. Көшіп кететіндердің қатарында қазақтардың үлес салмағы аз, бірақ өсу үрдісі байқалады. ЕЭК статсборн мәліметінше, 2019-2020 жылдары Ресейдің жоғары оқу орындарында 63 мың қазақстандық білім алған. Еліміздің оқу орындарында барлығы 605 мың студент бар екенін ескерсек, әрбір оныншы қазақстандық студент шетелде жоғары білім алады деген сөз. Қазақстан мен Орталық Азиядағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның деректері бойынша, елден оқу немесе жұмыс бабымен кеткен жастардың үлесі 30-35%-ға тең.  Бұл дегеніміз, шетелде оқитын 20 мыңға жуық қазақстандық студент болашақта ҚР азаматтығынан бас тарта алады дегенді білдіреді.

Теги: