Павлодарда саяжайлар өртеніп жатыр
Павлодар қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде саяжайлар мен жайылмадағы құрғақ шөп жанып жатыр.
112 пультіне Павлодар қаласы маңындағы құрғақ шөп пен саяжай үйлерінің жануы туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер жалынды бірнеше бағытта сөндіріп жатыр.
— Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің күштері мен құралдары жедел жіберілді. Сондай-ақ өртті жоюға мемлекеттік емес өртке қарсы ұйымдардың күштері мен құралдары, Павлодар су арнасы жұмылдырылды. 102, 103 қызметтері, Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттық медицина орталығы оқиға орнында тұр. Өрттің ауданы анықталып жатыр, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өртті сөндіру жұмыстарын екпінді жел қиындатып тұр. Жағдайды бағалау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен аэровизуалды тексеру жүргізілуде. Жедел штаб жұмыс құрылған.