Павлодарда сүт зауыты өртенді

Шілде 5, 2025, 6:48 Т.Қ.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті жалын жалпы аумағы 1500 шаршы метр аумақты қамтығанын хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті

Бүгін таңғы бестер шамасында Павлодар қаласының Космонавтар көшесінде орналасқан «Молком-Павлодар» ЖШС аумағында екі қабатты ғимарат өртенді.

- Екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық кешен жанды. Оқиға орнында өрт сөндірудің жедел штабы құрылды. Суды үздіксіз беру ұйымдастырылып, сөндіруге бірнеше су оқпандары берілді. Өрт сөндірушілер өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Өрт сөндірушілер келген кезде от тарап кеткен, сөндіру жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтінмен күрделенді Сондай-ақ қатты жел өрттің тез таралуына ықпал етті, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, өрт ғимараттың төбе жабындысынан тұтанған. Одан соң қойма ғимаратына тараған. 1500 шаршы метр алаңдағы өрт толығымен сағат 8.22-де сөндірілген. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Теги: