Полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті

Қыр. 12, 2025, 4:43 Т.Қ.

Елімізде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласының Полиция департаменті

12-14 қыркүйек аралығында елімізде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Полиция заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті.

— Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды анықтау, халық көп шоғырланатын орындарды тексеру, заңнамалардың сақталуын бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Басты мақсат азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтық тәртіпті нығайту.

Теги: