Португалия алты жылдан кейін Ұлттар лигасында қайтадан жеңімпаз атанды
Маусым 8, 2025, 6 Т.Қ.
Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасы финалында Португалия мен Испания құрамалары шеберлік байқасты.
Кездесу барысында екі құрама тартысты ойын өрбітті. Алдымен испаниялық Мартин Субименди 21-минутта есеп ашса, португалиялық Нуну Мендеш 26-минутта бір голмен жауап қайырды.
Ал Микель Оярсабаль 45-минутта қайтадан Испанияны алға шығарса, португалиялық Криштиану Роналду 61-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталды. Овертаймда жеңімпаз анықталмады. Пенальти тебуде Португалияның жолы болды. Нәтижесінде Ұлттар лигасында жеңімпаз атанды.