Премьер-министр баспасөз қызметіне уақытша жетекші тағайындалды

Сәуір 11, 2022, 8:23 Т.Қ.

Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Қанат Құлшыманов еңбек жолын 2007 жылы «Қазақпарат» ақпараттық агенттігінің тілшісі болып бастаған.

Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» компаниясы баспасөз қызметінің басшысы болды.

 

Теги: