Президент: Ғылым-білімдегі әр жетістігімізді кәдеге жаратуымыз керек

Қар. 19, 2026, 9:13 Т.Қ.

Бұл туралы III Стратегиялық серіктестер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша,  жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде ғылым-білімнің әлем өркениетіндегі орны айрықша. 

«Ғылым – барша адамзатқа ортақ игілік. Біз елдеріміздің жарқын болашағы мен азаматтарымыздың сапалы тұрмысын қамтамасыз ету үшін әлем қауымдастығы болып ғылым-білімдегі әр жетістігімізді саналы түрде кәдеге жаратуымыз керек. Стратегиялық серіктестер форумының негізгі мақсат-міндеті де осы деп күмәнсіз айтуға болады», – деді Мемлекет басшысы. 

Теги: