Президент Қазақстан мен Кипр арасындағы сотталған адамдарды беруге қатысты құжатқа қол қойды

Сәуір 17, 2025, 3:21 Т.Ж.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұл келісімге 2024 жылғы 25 наурызда Астана қаласында қол қойылды.

Келісімге сәйкес тараптар бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған адамдарға қатысты жазаны немесе оның жазасының қалған мерзімін өз мемлекетінде одан әрі өтеу үшін бір-біріне сотталған адамдарды беруге міндетеледі. Қазақстан тарапынан сотталған адамдарды беру туралы шешімнің орындалуына жауапты құзыретті орган ретінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы белгіленеді. Құжатта сотталған адамдарды беру және одан бас тарту үшін нақты негіздер көзделген.

Теги: