Президент «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасын қабылдады

Шілде 31, 2025, 7:11 Т.Қ.

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда

Президентке ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы мәлімет берілді.

Талғат Алдыбергенов:

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайғанын айтты.

Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен.

Трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндады:

биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады;

Дарбаза – Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасуда;

Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды.

Терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берді.

Цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылатынын жеткізді:

Әлемдік деңгейдегі инновацияның көшбасшыларымен бірлесіп, теміржол көлігінің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған;

Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.

Теги: