Президент Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовті марапаттады
Там. 2, 2025, 5:09 Т.Ж.
Президент Жарлығымен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетов марапатталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды, — делінген хабарламада.
Ол 66 жыл үздіксіз жұмыс істеп, теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосқан. Ең жоғары мемлекеттік награда көлік саласының өкіліне алғаш рет табысталып отыр.