Президент Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық Коалиция мүшелеріне ризашылығын білдірді

Наурыз 17, 2026, 9:45 Т.Қ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын барысында Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жұмысына жоғары баға берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақорда

— Осы орайда, мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның нәтижелі еңбегіне айрықша тоқталғым келеді. Комиссия мүшелері өте ауқымды, тиімді жұмыс атқарып, мемлекет пен қоғамның өзара сенімі және серіктестігі аса маңызды екенін айқын көрсетті. Жалпыұлттық коалиция мүшелері де қажырлы қызмет етті. Олар жаңа Конституцияның мән-мазмұнын жұртшылыққа кеңінен түсіндіріп, қажетті үгіт-насихат жұмысын ойдағыдай атқарды. Бүгін осы тарихи сәтке орай, мен Комиссия құрамында болған барша азаматқа және Коалиция мүшелеріне ерекше ризашылығымды білдіремін. Еліміздің әр аймағы, ауданы мен қаласында қоғамдық белсенділер, олардың ішінде еріктілер, яғни волонтерлер жоғары азаматтық жауапкершілік танытып, Халық Конституциясының қабылдануына зор үлес қосты. Баршаңызға рақметімді айтамын, — деді Мемлекет басышысы.

Теги: