Президент «ОА-Қытай» форматындағы смарт-инновацияларды Astana Hub арқылы ілгерілетуді ұсынды

Маусым 17, 2025, 6 Т.Қ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия-Қытай» саммитінде бірлескен смарт-инновацияларды Astana Hub арқылы ілгерілетуді ұсынды.

alfa.kz

— Күзде Астанада Alem Аi халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. Оған Қазақстанның инновациялық дамуының қозғалтқышы болады деген үміт артылып отыр. Орталық Азия-Қытай байланысының аясында Astana Hub технопаркінің алаңын смарт-инновацияларды ілгерілетуге пайдалануды ұсынамыз, — деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент бұл перспективалы жобаға барлық шетелдік инвесторлар қатыса алатынын атап өтті.

Айта кетейік, елордада «Орталық Азия — Қытай» ІІ саммиті өтіп жатыр. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысып отыр.

«Орталық Азия — Қытай» І саммиті 2023 жылдың 19 мамырында Қытайдың Сиань қаласында өткен еді.

Теги: