Президент Үкіметке екі жыл ішінде жасанды интеллектіге маманданған дата-орталықтардың құрылысын жүргізуді тапсырды

Қаз. 12, 2023, 2:28 Т.Қ.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумында айтты.

«Ең алдымен, біз есептеуіш орталықтардың қуатын арттыруымыз қажет. Бұл іске Amazon, Google, Mastercard және Citigroup сияқты әлемге танымал компанияларды тартуға болады. Жақында Нью-Йорк қаласына жасаған сапарымда аталған компаниялардың басшыларымен кездестім. Тиісті уағдаластықтарға қол жеткіздік. Сонымен қатар жасанды интеллектіге арналған деректер экожүйесін дамыту маңызды. Шын мәнінде, жасанды интеллектінің «қорегі», қозғаушы күші – үлкен деректер қоры. Қазақстанда осы салада түрлі шешімдер жүзеге асырылды», — деді Мемлекет басшысы.

Теги: