Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Қар. 14, 2023, 1:28 Т.Қ.

Ол сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берді.

Президенттің дербес кассациялық инстанция құру үшін консультациялар өткізу туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады.

Заңгерлермен, ғалымдармен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және Парламент палаталарының депутаттарымен бірлесе талқылау жұмыстары жүргізіліп, соның негізінде елордада (қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша) үш кассациялық сот құру моделіне оң баға берілгенін айтты.

Жоғарғы Сот алдын ала қарау институтын жоюды, «толық кассацияны» қолдануды, қаралуы 6 айдан аспайтын «ақылға қонымды мерзім» белгілеуді, сондай-ақ тараптардың міндетті түрде қатысуымен сот процесін жүргізуді ұсынды.

Жоғарғы Сот төрағасы цифрландыру және сот қызметінің ашықтығы мен сот төрелігінің қолжетімді болуын жақсарту мақсатында жасанды интеллект элементтерін енгізу туралы хабарлады.

Теги: