Президенттік жастар кадр резервіне кімдер енді

Қар. 6, 2025, 6 Т.Қ.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істер агенттігі мәлім етті.

freepik.com


АСТАНА. KAZINFORM — Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеу аяқталды. 24 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша 50 адам Президенттік жастар кадр резервіне қабылданды. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеу қазан айының соңында аяқталғанын айтты.

— Жобаның негізгі мақсаты — мемлекеттік басқару жүйесіне білімді, жауапкершілікті және жоғары кәсіби білікті жастарды тарту. Ниет білдірген 31 мыңнан астам үміткердің ішінен 7 436 адам іріктеуге қатысуға жіберілді. Алты кезеңнен тұратын іріктеу нәтижесінде резервке 50 үздік жас маман қабылданды. Бір орынға 148 адамнан келіп, бұл көрсеткіш 2023 жылғы іріктеумен салыстырғанда 16%-ға жоғары болды, — делінген хабарламада.

Теги: