Референдум өткізуге 16,4 млрд теңге кетеді

Мамыр 12, 2022, 9:20 Т.Қ.

Конституциядағы өзгерістерді қабылдауға арналған референдумға мемлекет қанша қаражат жұмсайтыны белгілі болды.

«Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есебп-қисапты ұсынды. Бүгін Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдады. Ақша республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Айта кетейік, референдум 5 маусымда болады. Бұған дейін оны өткізу жоспары бекітілген болатын.

Теги: