Референдумда халықтың даусы маңызды – Аида Балаева

Қаз. 6, 2024, 10:27 Т.Қ.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанада Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №164 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады.

Солтан Жексенбеков / Kazinform

«АЭС-ті салуға қатысты референдум саяси мәселе емес, бірақ экономикалық тұрғыдан алып қарағанда еліміздің ертеңгі дамуына бірден бір ықпал ететін іс-шара. Осы мәселеде халықтың даусы маңызды, өйткені қоғамда әртүрлі пікірлер болғандықтан, референдум өткізу туралы шешім қабылданды. Сондықтан ел болашағына жауапты азаматтардың барлығы дауыс беру учаскелеріне келіп жатыр, мен де азаматтық борышымды өтеп, өз таңдауымды жасадым», - деді Аида Балаева референдумда дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып. 

Теги: