Ресейдің бас идеологы қамауға алынды
Сәуір 12, 2022, 9:01 Т.Қ.
Ресей Президенті Владимир Путиннің бұрынғы кеңесшісі Владислав Сурков қамауға алынды.
Бұл туралы Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының экс-депутаты, Украина қорғаныс күштерінің әскери қызметкері Илья Пономарев Facebook-те мәлімдеді.
«Сіз күлетін шығарсыз, бірақ ресейлік ақпарат көздері Владислав Сурковтың тұтқындалғаны туралы хабарлады. Ол үй қамауында. Сурковқа 2014 жылғы Донбасстағы ұрлық ісі бойынша тергеу шаралары жүргізілуде», — деп жазды ол.
Ресейде «жауыз данышпан» лақап атымен танымал болған Сурков 2014 жылы Донбасста «азаттық қозғалысының» немесе Ресей Федерациясының арнайы операциясының бас сценаристі болған. Сондай-ақ Қырымды ешбір шығынсыз басып алу стратегиясының авторы болған деседі.