Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты

Қаз. 29, 2023, 9:01 Т.Қ.

Режеп Тайып Ердоған Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалып, барша қазақ халқына қайғырып көңіл айтты.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары 3 қараша күні Астана қаласында өтетін Түркі елдері ұйымы X саммитінің күн тәртібін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды және барша түрік халқын Түркия Республикасының 100 жылдығымен құттықтады.

Теги: