Руслан Жақсылықовты қамауға алды деп хабарлағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Маусым 16, 2025, 6 Т.Қ.

Ішкі істер министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықовтың қамауға алыну туралы ақпаратқа байланысты мәлімет берді.

gov.kz

— Сұраухатта көрсетілген адамның қамауға алынғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Астана қаласының Полиция департаменті Қылмыстық кодектің 274-бабы 2-бөлігі бойынша (бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, — деп жазылған ресми жауапта.

Бірақ министрлік қылмыстық іс нақты кімдердің үстінен қозғалғанын айтудан бас тартып отыр. Ал Р. Жақсылықовтың қамауға алынғанын анонимді телеграм-арналар таратып, кейін оны кейбір ақпарат порталдары көшіріп басқан болатын.

— ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмеуі тиіс. Тергеу жүргізіліп жатыр. Анық-қанығы тергеу барысында анықталады. Басқа мәлімет бере алмаймыз, — деді ішкі істер министрлігіндегілер.

Теги: