Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек — Президент
Қаң. 26, 2023, 4:35 Т.Ж.
Мемлекет басшысы Сенат отырысында саяси науқанға тоқталды.
«Бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс», – деді Президент.
Сонымен бірге Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайтындығын атап өтті.
«Заңға қайшы келмейтін барлық іс-әрекетке рұқсат беріледі. Дегенмен бір нәрсені бәріміз қаперде ұстауымыз керек. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.