Сенат «Назарбаев нормасына»қатысты заң жобасын мәжіліске қайтарды

Мамыр 5, 2022, 7:41 Т.Қ.

Сенат «Референдум туралы» заң жобасына енгізілетін өзгерістерді Мәжіліске қайтарды. Осылайша, «Тұңғыш Президент Қазақстанның негізін қалаушы» деген норманы Конституциядан алып тастаудың қадамдары басталып кетті.

«Сондықтан бүгін сенат депутаттары Конституциялық кеңестің кешегі қорытындысын ескере отырып, референдумға қатысты заң жобасын қайта қарап, өзгеріс енгізді. Заң жобасы мәжіліске жіберілді», — деді сенатор Ляззат Сүлеймен жоғары палатының отырысынан кейін өткен брифингте.

сенаторлар осы мәселені: «Мемлекеттің тәуелсіздігін, Қазақстан Республикасының бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, сондай-ақ Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту» керек деген пікірде.
Осылайша, референдумға шығаруға тыйым салынған мәселелердің қатарынан Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының мәртебесін өзгертуге қатысты шектеу алып тасталады.

Теги: