Сенат төрағасы журналистерді жертөледен шығарды

Сәуір 19, 2022, 4:47 Т.Қ.

Өткен аптадан бастап Сенатта жаңа тәжірибе енгізіліп, журналистердің жұмыс істеу орны 2- қабаттан «0»- қабатқа түсірілгені желіде жиі талқыланды.

«Дәліздегі немесе лифтідегі қарбаластан гөрі, тыныш жағдайда сұхбаттасу журналистерге де, операторларға да және спикерлерге де ыңғайлы екені сөзсіз. Соған байланысты брифинг өтетін орынның қасынан жаңа баспасөз орталығы құрылған болатын», — деді Сенат мамандары

Алайда, журналистер аталған орталықтың бұрынғы орны қолайлы екенін айтып, өз пікірлерін білдірді.

Сол кезде Мәулен Әшімбаев барлық ұсынысты мұқият тыңдап, мәселені зерделеуге сөз берген. Соған орай Сенат Спикері журналистерге жайлы орында жұмыс істеуге мүмкіндік беру керектігін айтты. Соның нәтижесінде баспасөз орталығы бұрынғы орнына қайта көшірілетін болды.

Теги: