Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікке енді

Там. 8, 2022, 11:49 Т.Ж.

Әйелдер арасында Польша құрамасы көш бастап тұр. Одан кейін Үндістан құрамасы келеді.

2022 жылы Ченнаида (Үндістан) өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы тоғызыншы айналымда Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Бұл жеңіс Қазақстан әйелдер құрамасына кестеде үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Болгариямен болған кездесуде Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева Қазақстанға жеңіс әкелді. Ал Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева кездесулерін тең есеппен өткізді.

Қазақстан ерлер құрамасының турнирдегі нәтижесіне келсек, біздікілер тоғызыншы турда Сербия құрамасынан 1:3 есебімен ұтылып қалды.

Мұртас Қажығалиев пен Арыстанбек Оразаев ойындарын тең аяқтаса, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов жеңіліп қалды.

Теги: