Шариғат балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді

Қыр. 11, 2023, 5:30 Т.Қ.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке орамалмен баруына қатысты туындаған мәселеге мәлімдеме жасады.

«Иманды, білімді ұрпақ тәрбиелеу – әрбір ата-ананың басты мақсаты. Шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу – парыз. Сол секілді білім алудың да үкімі – парыз. Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес. Сондай-ақ, орамал тағу ұлттық дәстүріміз. Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс. Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек», – делінген хабарламада.

Теги: