Шерзат ісі бойынша сот үкімі 5 маусым күні шығарылады
Маусым 3, 2025, 6:59 Т.Қ.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысында үзіліс жарияланды.
Төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов іс бойынша сот үкімі 2025 жылдың 5 маусымында сағат 16:00–де болатынын хабарлады.
Еске салайық, кеше прокурор қандай жаза сұрағаны айтылды.
Сонымен қатар прокурор куәгер қыздардың іс-әрекетін қайта тексеру керек екенін атап өтті.