Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров кәмелетке толмаған ұлдарын Украинадағы майданға жіберуге дайын.
Қаз. 4, 2022, 2:02 Т.Ж.
Оның ұлдары жастайынан әскери дайындықтан өткен. Қазір Ахмат – 16 жаста, Эли – 15 жаста, Адам – 14 жаста.
– Ахмат, Эли және Адам өз дағдыларын АӘО аймағында қолдануға дайын. Сөзімді әзіл деп қабылдамаңыздар. Өзін нақты жекпе-жекте көрсететін уақыт келді және мен олардың ұмтылысын тек қоштаймын. Жақында олар майдан шебіне аттанады және байланыс желісінің ең қиын бөліктерінде болады, – деп жазды Рамзан Қадыров.
Шешенстан басшысы ұлдарының жастайынан әскери дайындықтан өткенін айтты.
– Мен үнемі кез-келген әкенің басты мақсаты – ұлдарға Құдайдан қорқуды дәріптеу мен өзінің отбасын, халықты, Отанды қорғауға үйрету деп сенемін. Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа дайындал!, – дейді Қадыров.