Шулы төбелестен кейін Бейбіт Шүменовті босатып жіберген тәртіп сақшылары қызметінен қуылды

Там. 1, 2023, 8:33 Т.Қ.

Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Тексеріс қорытындысы бойынша Есіл ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары мен Есіл ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторы қызметінен босатылды.

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кезекшісі және полицияның аға учаскелік инспекторы қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту алды. Ал аудандық басқарманың басшысына сөгіс жарияланды.

Теги: