Skills Enbek платформасында түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны артып келеді – Еңбек министрлігі
2026 жылдың басынан бері 62,8 мың азамат, оның ішінде 25,1 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды.
Платформада барлығы 1,3 млн-нан астам қазақстандық тіркелген, оның 91,5 мыңы – биыл тіркелді. Бұл ретте Платформа жұмысының барлық кезеңінде 1,2 мың адам оқудан өтті.
Оқуды аяқтаған 25,1 мың жұмыссыз азаматтың 6,1 мыны – (16–35 жас аралығындағы) жастар. Олар негізінен Ақтөбе облысынан (2 597 адам), Шымкент қаласынан (2 587 адам), Түркістан (2 028 адам), Қызылорда (2 215 адам), Қостанай облыстарынан (1 744 адам) басым болды.
Бүгінгі таңда Платформада авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 601 курс жариялады, оның 415-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.
Курстардың ұзақтығы 2-ден 72 сағатқа дейін.
Платформада әлеуметтік қызмет көрсету және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді. 2026 жылғы қаңтар-наурыз айында сертификаттардың ең көп саны мына курстар бойынша берілді: «Кассир» (8 043 сертификат), «Қаржылық сауаттылық бойынша курс» (3125 сертификат), «Қозғалысы қиындаған жандарға кәсіби жеке көмекші курсы», (2 251 сертификат), «Әлеуметтік жұмыс» (948 сертификат).
Бұған дейін айтылғандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.
Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (Enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.
Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдап, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.
Білім алушы үшін мынадай артықшылықтар бар: кеңейтілген курстарды іздеу мүмкіндігі, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылай алу және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесе алу. Пайдаланушыларға жасанды интеллект негізіндегі чат-бот қолжетімді, ол қажетті ақпаратты жылдам іздеуге және сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеруі туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарын ұсыну функциясы қосылды.
Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушының түйіндемесінде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде жұмыс беруші Платформада оқуды сәтті аяқтаған сертификат иелерін көре алады.
Платформада онлайн курстарды авторлар мен әзірлеушілер тегін орналастырады. Курстарды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге болады, ақпарат әртүрлі форматта: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа да әдістермен берілуі тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.
Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастыру, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарау, сертификаттарды түрлі дизайнда жасау, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькуляторды қолдану мүмкіндіктері қарастырылған.
2023 жылғы желтоқсаннан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы да өтуге болады. Қосымшаны пайдаланушылар Google Play және AppStore дүкендерінен жүктей алады.
Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланыса аласыздар: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі: 441, 888).