Сотта Гүлмира Сатыбалдының елден кетуге тырысқаны белгілі болды
Наурыз 9, 2023, 3:55 Т.Ж.
Алдын ала тыңдау кезінде сотталушының адвокаты Әсел Рабатова Сатыбалдыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрады. Адвокат Гүлмира Сатыбалдының бір жылдан аса уақыттан бері қамауда отырғанын айтып өтті. «Егер оған негіз болса, бұлтартпау шарасы өзгертіледі. Қазірге дейін оған ешқандай себеп жоқ. Өйткені сотқа дейінгі іс жүргізу барысында Гүлмира Сатыбалдының шекарадан өтуге тырысқаны анықталды. Сол себепті бұлтартпау шарасын өзгертуге қажеттілік жоқ деп санаймын», — деді прокурор.