Су тасқыны қарсаңында көлік инфрақұрылымына ерекше бақылау енгізілді

Наурыз 16, 2026, 6:23 Т.Қ.

Су тасқыны қарсаңында көлік инфрақұрылымына ерекше бақылау енгізілді.

Көлік министрлігі

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың тапсырмасымен республикалық маңызы бар жолдар, теміржолдар мен әуежайлардың дайындығы күшейтілді. Қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су өткізгіш құбырлар мен көпірлер тазартылып, жолдарды қорғауға қажетті материалдар алдын ала дайындалып жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Министрлік басшысы республикалық маңызы бар теміржол және автомобиль жолдарының дайындығын, сондай-ақ әуежайларда су тасқынына қарсы іс-шаралардың жүргізілуін ерекше бақылауға алудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар өңірлерде атқарылып жатқан су тасқынына қарсы жұмыстар бойынша күн сайынғы есеп беруді және қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ету тапсырылды. Жолдарды қорғау үшін қажетті материалдарды дайындауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, инертті материалдар, құм, бут тасы, құм-қиыршық тас қоспасы, қаптар және басқа да ресурстарды әзірлеу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ министр су өткізгіш құбырлар, көпірлер және басқа да жасанды құрылыстарды қар мен қоқыстан тазартуды қамтамасыз етуді, жоғары қауіпті аймақтарда алдын ала айналма жолдарды пысықтауды тапсырды. Қабылданған шаралар көлік инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындауға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталған.

Теги: