Судья үзіліс жариялады: Шерзат соты 5 мамыр күні жалғасады
Сәуір 30, 2025, 4:05 Т.Ж.
Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы өтті.
Судья Ержан Жанұзақов сот отырысында үзіліс жариялады және келесі сот отырыстары 5-6 мамыр сағат 10:00–де өтетін атап өтті. Одан кейінгі сот отырыстары 15-16 мамыр күндері болады.
Бүгін сотта Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезіндегі бейнежазбасы көрсетілді.